Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Есірткіге – жол жоқ!": Талдықорғанда болашақ чемпиондармен профилактикалық кездесу өтті

Талдықорғанда болашақ чемпиондармен профилактикалық кездесу өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде "Спортшылар – есірткіге қарсы!" ұранымен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған маңызды кездесу өтті.

Бұл іс-шара Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы, нашақорлыққа қарсы профилактикалық кеңес және спорт және дене шынықтыру басқармасының бірлесуімен ұйымдастырылды. Жиынға болашақ чемпиондар – спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты. Олар үшін салауатты өмір салты мен тәртіп – күнделікті жаттығу мен жеңістің кепілі.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары мен сала мамандары оқушыларға есірткінің адам өміріне тигізер зияны мен қауіпті салдары туралы жан-жақты ақпарат беріп, нақты өмірлік мысалдар арқылы жасөспірімдерді сақ болуға шақырды. Сонымен қатар есірткімен байланысты құқық бұзушылықтар үшін заң алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді.

Жиын соңында жас спортшыларға өмірде дұрыс таңдау жасап, тек спорт пен денсаулықты серік ету қажеттігі туралы үндеу жолданды.

Мектепке есімі берілген аты аңызға айналған палуан Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолы – тек спорттық табыстардың емес, рухтың, адалдық пен табандылықтың көрінісі. Оның өнегелі өмірі жас ұрпаққа үлгі бола отырып, оларды тек спорттық биіктерге ғана емес, саналы, салауатты болашаққа жетелейді.

Бұл кездесу – болашақ чемпиондарды салауатты өмір салтын берік ұстануға бағыттаған маңызды қадамдардың бірі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру