Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қауіпсіз қала: Астанада "SOS" дабыл түймесі арқылы тәртіп бұзушы анықталды

Елордада "SOS" дабыл түймесі арқылы тәртіп бұзушы анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада қоғамдық орындарға орнатылған "SOS" дабыл түймелері қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып келеді. Жыл басынан бері осы жүйе арқылы полицияға 20-ға жуық жедел өтініш келіп түскен.

Мысалы жуырда қала тұрғыны "Атырау' көпірінде скутер мінген адамдардың жаяу жүргіншілер жолағымен қозғалып жүргенін байқап, жақын маңда орналасқан "SOS" түймесі арқылы полицияға дереу хабар берген. Шақырту орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған 19 жастағы азаматты анықтап, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 615-бабы 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Полиция департаменті барлық келіп түскен сигналдарға жедел әрекет етеді. Азаматтардан түсетін өтініштер, негізінен, тұрмыстық жанжалдар, құқық бұзушылықтар және қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін жағдайларға байланысты тіркеліп жатыр.

Полиция тұрғындарды қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарап, қажет болған жағдайда "SOS" дабыл түймесін белсенді пайдалануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру