Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін тексерді

Талдықорғанда полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін тексеріп, жүргізушілерге ЖҚЕ еске салды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері автобус паркінде профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық көліктің техникалық жай-күйін кешенді тексеру болды: тәртіп сақшылары автобустардың техникалық жағдайын бағалап, құжаттарын қарап, жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін білуге ерекше көңіл бөлді. Кездесу барысында жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптары мен оларды бұзудың салдары ескертілді. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртіптілігі мен жауапкершілігі жолаушылар мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні айтылды.

Профилактика мен тұрақты тексерулер – құқық қорғау органдарының жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі. Мұндай шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, құқық бұзушылықтар санын азайтуға және қала тұрғындары үшін көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру