Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде жол қауіпсіздігіне арналған акция өтті

Семейде жол қауіпсіздігіне арналған акция өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

13 мамырда Семей қаласында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол қозғалысы ережелерін насихаттауға бағытталған түсіндіру акциясы ұйымдастырылды.

Шараға патрульдік полиция қызметкерлері мен жас жол инспекторлары белсене қатысып, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге жолда қауіпсіз жүріп-тұрудың басты қағидаларын түсіндірді. Қатысушыларға жол белгілері, реттеушінің қол сигналдары мен бағдаршамның қызметі туралы ақпарат беріліп, арнайы жадынамалар мен парақшалар таратылды.

Акцияның ерекшелігі – мектеп оқушыларының белсенділігімен ерекшеленді. Олар жүргізушілермен тілдесіп, жол ережелерін сақтау – әрбір азаматтың жеке жауапкершілігі екенін айтып, қауіпсіздікті сақтауға шақырды.

Мұндай шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, жолда тәртіп сақтау мәдениетін ерте жастан қалыптастыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру