Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аягөзде жылдамдықты асыру фактілері автоматты түрде тіркеледі

Абай облысы Аягөз ауданында жылдамдықты асыру фактілері автоматты түрде тіркеледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

22 мамырдан бастап Абай облысы Аягөз ауданында көлік құралдарының жылдамдығын бақылауға арналған Ekin BOKH POTTER заманауи автоматты жылдамдық өлшегіш құрылғылар толықтай іске қосылды. Бұл жаңашыл жоба жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және цифрландыру үдерісін дамыту аясында жүзеге асырылып отыр.

Еске сала кетейік, қаңтар айында Аягөз қаласында жедел басқару орталығы өз жұмысын бастаған болатын. Қазіргі таңда қала аумағында 120 бейнебақылау камерасы орнатылған және 10 жылдамдық өлшегіш құрылғы жұмыс істеп тұр.

Ekin BOKH POTTER құрылғылары келесі мекенжайларда орналасқан:

Қабанбай батыр көшесі, "Жақсылық" базарының маңы;

№10 гимназияның алды;

№3 орта мектеп маңы;

Ақтамберді көшесі, "Ұлытау" мейрамханасының тұсы;

"Мұқаш" техникалық қызмет көрсету орталығы маңы;

Нуралинов көшесі, "Турист" дүкені жанында;

Гагарин көшесі, "Амантай" дүкенінің тұсында;

Момышұлы көшесі, "Риза" дүкені маңында;

Көшкінбаева көшесінің бойында;

Тәңірберген көшесі, 'Халық банкі" бөлімшесінің маңы.

Аталған құрылғылар көлік жылдамдығын автоматты түрде тіркеуге арналған. Жүргізушілерден жолда белгіленген жылдамдық тәртібін қатаң сақтауды сұраймыз.

Абай облыстық полиция департаменті бұл шараның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алып, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру