Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандарға заңгерлік кеңестер берілді

Абай облысында сотталғандарға заңгерлік кеңестер берілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Заң мамандары Үржар аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға құқықтық мәселелер бойынша ұсыныстар берді.
Үржар аудандық пробация қызметінің есебінде 20 мен 65 жас аралығындағы 50-ден астам сотталғандар бар. Бұл ұрлық, алаяқтық, алимент төлеуден жалтару және т.б. қылмыс жасаған сотталғандар.

Тіркеуде тұрған кезінде көптеген сотталғандар ажырасу, алимент өндіру, мүлікті бөлу, жылжымайтын мүлікке қатысты даулар, қарыздарды өндіру және т.б. мәселелерге тап болуы мүмкін. Шараны “Антарес” қоғамдық қорының өкілдері ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың, әсіресе әлеуметтік қорғалмаған топтарға: аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға құқықтық сауаттылықты арттыру және тегін заңгерлік көмек көрсету.

“Антарес” АҚ заңгері Думан Дүйсенбаев сотталғандарға қандай заң көмегіне жүгінуге болатынын түсіндірді. Олардың өтінішін қарау қанша уақытты алады және мәселені шешу үшін қандай құжаттар қажет. Сондай-ақ пробация қызметі тарапынан азаматтарға көрсетілетін көмек түрлері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар тіркелген тұлғаларға “Антарес” қоғамдық қоры тарапынан көрсетілетін көмек түрлері туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында сотталғандар сұрақтарына ұтымды жауаптар алды. Үржар аудандық пробация қызметінің басшысы Бауыржан Ерденбеков алдағы уақытта мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылатынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру