Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Семей орманы” аумағынан көшеттерді ұрлаған екі тұрғынға үкім шықты

Бесқарағай ауданында 260 мыңнан астам көшеттің ұрланғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бесқарағай ауданы аумағында Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілді.

Нәтижесінде "Семей орманы" аумағынан құны 519 млн теңгеден асатын 260 мыңнан астам көшеттің жасырын ұрланғаны анықталды.

Курчатов қалалық соты екі жергілікті тұрғынды бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Мүліктері тәркіленбейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру