Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Антына адал полицейдің бір күні

Халықтың игілігі үшін қиындығы мен қатері мол саланы жүрек қалауымен таңдаған полицейдің бір күні жайлы Polisia.kz сайтының тілшісі әңгімелеп береді.

Қызылорда облысы полиция департаментінің Жалағаш ауданы полиция бөлімінің анықтау тобының аға анықтаушысы, полиция капитаны Абай Бақберген таңмен таласа тұрып, ел тыныштығын қамтамасыз ету үшін қызметке кіріседі. Күн сайын белгіленген уақыттан бұрын оянып, киелі антына адал болу – оның өмірлік ұстанымына айналған. Себебі полиция қызметкерінің әр күні – қауіп пен жауапкершілікке толы, ал әр шешімі – адам тағдырына тікелей әсер етеді.

Бақберген Абай 1995 жылы 7 тамызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 2018 жылы ішкі істер органдарына қабылданған. Қызмет атқару барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының, аудан әкімі және Жалағаш аудандық полиция бөлімі бастығының алғыс хаттарымен және Құрмет грамотасымен, сонымен қатар “Тергеу қызметіне 60 жыл” медалімен марапатталған.

2019 жылдың маусым айында ҚР ІІМ-нің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласында өткен Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің республикалық форумына қатысып, үздік деп танылды. Таңдаған кәсібін мақтаныш емес, парыз санайтын тәртіп сақшысы бүгінде абыроймен ел тыныштығын қорғауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру