Шымкентте жас сақшыларға алғашқы шендері табысталды
Шымкентте жас сақшыларға алғашқы шендері табысталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін қаланың полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай салтанатты рәсім өтті.
Департамент алаңында жас қызметкерлерге лейтенант шендері салтанатты түрде табысталды. Шара Мемлекеттік Туды алып шығумен және Әнұранды орындаумен басталды.
Салтанатты жиында департамент бастығы Нұрлан Алмасбеков сөз сөйлеп, жас қызметкерлерді алғашқы офицерлік шендерімен құттықтады. Оларды адал қызмет етіп, антына әрдайым берік болуға шақырды.
Іс-шара патриоттық рухта өтіп, Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен елге қызмет етудің үлкен мәртебе екенін айшықтап көрсетті.