Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өткізді

Түркістан облысы бойынша полиция департаментінде Мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран шырқалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері бүгінгі күнді рәміздерге құрмет көрсетіп, мерекелік көңіл-күймен бастады. Департамент бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаев сап түзеген жеке құрамды айтулы күнмен құттықтап, Қазақстан Республикасы үшін қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

— Тәуелсіздігіміздің нышаны болған мемлекеттік рәміздер туралы заң 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Бұл күн ел тарихында мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі сақталады. Сондықтан туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз асқақтай берсін! Мереке құтты болсын, — деді Б.Зиятаев.

Шара барысында тәртіп сақшылары еліміздің мемлекеттік әнұранын бірге шырқап, саптық алаңдағы ту көкке көтерілді.

Салтанатты жиын соңында полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, тыныштықты қамтамасыз етуге қызметке таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру