Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты саппен атап өтті

Ақтөбеде полицейлер Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты саппен атап өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні ерекше салтанатпен аталып өтті. Облыстық полиция департаментінің 100-ден астам қызметкері Тұңғыш Президент атындағы саябақтағы флагшток маңына жиналып, мемлекеттік нышандарға деген құрметін білдірді.

Сапқа тұрған тәртіп сақшылары Әнұранды бірге шырқап, Мемлекеттік Туға тағзым етті. Бұл – полиция қызметкерлерінің Отанға деген сүйіспеншілігі мен адалдықтың нышаны.

— Мемлекеттік рәміздер күні – жүрегінде Отанға деген шынайы сүйіспеншілік пен қызметіне адалдықты сақтап жүрген әрбір азамат үшін маңызды күн. Полиция қызметкері ретінде басты міндетіміз – қоғамдық тәртіп пен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Рәміздерге деген құрмет бізге кез келген сын-қатерді еңсеруге рух береді. Әрқайсыңыздың еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек ететініңізге сенемін, – деді облыстық ПД бастығы Абай Жүсіпов.

Шара соңында полицейлер қалыпты тәртіпте өз қызметтеріне оралып, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырды. Бұл күн тәртіп сақшылары үшін Отан алдындағы парызды тағы бір мәрте сезінуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру