Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыдағы тергеу изоляторында тыйым салынған сәлемдеме тәркіленді

Қарағандыдағы тергеу изоляторында тыйым салынған сәлемдеме тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласындағы №61 тергеу изоляторында сәлемдемені тексеру барысында тыйым салынған заттар анықталды. Қызметкерлердің қырағылығының нәтижесінде мекемеге кіруге рұқсат етілмеген екі ұялы телефон — Poco және Redmi телефондары тәркіленді.

Телефондар айыпталушыға арналған аяқ киімнің (кроссовки) табанына мұқият жасырылған. Бұл қулық Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлімінің 3-тармағы, сондай-ақ 24-баптың 3-бөлімі бойынша айып тағылған азаматқа жолданған сәлемдемені тексеру кезінде әшкереленді.

Аталған факті ҚАЖ департаментінің жеке қауіпсіздік қызметкерлерімен бірлесіп тіркелді. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, тиісті шара қолдану мәселесі қарастырылуда.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тыйым салынған заттардың өтіп кетуіне жол бермеу — қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты талаптарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру