Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы балалар колониясында цирк әртістері өнер көрсетті

Алматыдағы балалар колониясында цирк әртістері өнер көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы балаларға арналған түзеу мекемесінде Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері арнайы қойылым ұйымдастырып, жасөспірімдерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл шара балалардың рухани әлемін байытып, оларға қуаныш пен шабыт сыйлауға бағытталған.

Цирк әртістері А.Салаватов пен С.Сенбектің орындауындағы қойылымдар көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Сонымен қатар Ф.Аширбакиева мен Т.Қуанышқалидың роликпен билеген биі балаларды таңғалдырды. Т.Уналбаев пен И.Тутабекова "Эквилибр жігіттері" ретінде өз шеберліктерін көрсетті, ал А.Азизовтың "Орыс таяғы" қойылымы көрермендерді тәнті етті.

Іс-шара соңында тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы А.Бәзілбаева цирк әртістеріне алғысын білдіріп, мекеме бастығының атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Бұл мәдени шара балалардың өміріне жарқын сәттер қосып, олардың болашаққа деген сенімін нығайтты. Цирк өнерінің сиқырлы әлемі жасөспірімдердің жүрегінде ұзақ уақыт сақталатыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру