Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында есірткіге қарсы спорттық шара ұйымдастырылды

Жетісу облысында есірткіге қарсы спорттық шара ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында есірткіге қарсы қоғамдық сананы дамыту мақсатында ерекше спорттық шара ұйымдастырылды. "Жастар" спорт сарайынан бастау алған жүгіру марафоны жастарды нашақорлыққа қарсы бірлікке шақырды.

Іс-шараны облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе өткізді. Марафонға 200-ден астам спортшы қатысты. Қатысушылар Астана, Алдабергенов және Қонаев көшелерінің бойымен 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

"Жүгір! Есірткіге қарсы қадам бас!" марафоны – қоғамның бірлігі мен тәртіп сақшыларының жастарды қолдау әрекетінің көрінісі. Осындай спорттық-танымдық іс-шаралар арқылы жас буын есірткіге қарсы тұруға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз мүмкіндіктерін шыңдауға шақырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру