Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында бостандыққа шығатын сотталғандарға профилактикалық дәріс өткізілді

Абай облысында бостандыққа шығатын сотталғандарға "Есірткімен күрес – болашаққа дұрыс таңдау" атты арнайы дәріс өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы қауіпсіздігі аралас мекеме қабырғасында тәрбие жұмысы жалғасуда. Түзеу мекемесі тек жазалау орны ғана емес, сонымен қатар түзеу мен қайта тәрбиелеу мекемесі. Осы мақсатта, есірткі заттарын тасымалдау дерегі бойынша сотталған азаматтарға бостандыққа шығар алдында жасақ бастығы арнайы дәріс өткізді.

Онда жасақ бастықтары, Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгеріс енгізілген соң, мерзімінен бұрын босатылатын 16 сотталғанға арнайы бейнежазба көрсету арқылы, есірткі заттарының жалпы адамзат баласына әкелетін кесірі туралы айтып, болашақта қайталама қылмыстың алды алынып және салауатты өмір салтын насихаттады.

Сонымен қатар нақты өмірден алынған мысалдар келтіріліп, салауатты өмірдің артықшылықтары түсіндірілді.

- Осы тәрізді дәрістер – сотталғандарға бағыт-бағдар беретін, санасына сілкініс жасап, жаңа өмір бастауға күш сыйлайтын маңызды қадамдардың бірі. Қылмыстық-атқару жүйесінде мұндай тәрбиелік шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын таба бермек. Бұл бағытта жасақ бастықтарының тәрбие жұмыстарының алатын орны ерекше –деп атап өтті мекеме бастығы Аслан Нурбеков.

Бостандық – баға жетпес байлық. Сотталғандарға берілген бұл мүмкіндік – өмірді қайтадан бастауға жасалған қадам. Бірақ өткен қателіктерден сабақ алып, болашаққа сеніммен қадам басу – олардың өз қолдарында.

Дәріс соңында сотталғандар өз ойларымен бөлісіп, бостандыққа шыққаннан кейінгі жоспарларын айтты. Көпшілігі қоғамға бейімделуге, адал еңбек етіп, жаңаша өмір бастауға ниетті екенін білдірді.

Дәріс соңында сотталғандар өз ойларымен бөлісіп, болашаққа құрған жоспарларын ортаға салды. Олардың басым бөлігі қоғамға бейімделуге, заң аясында өмір сүріп, отбасыларына оралып, жаңа өмір бастауға ниетті екенін жеткізді.

Осындай кездесулер – өмірдің шын құндылығын ұғынуға сеп болатын маңызды қадам.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру