Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өтті

Алматы облысында полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш ауданының полицейлері профилактикалық жұмыс аясында Бақанас ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған түсіндіру іс-шарасын ұйымдастырды. Кездесудің негізгі тақырыбы – қазіргі цифрлық кеңістікте кең таралған қылмыстың бірі – интернет-алаяқтықпен күрес болды.

– Іс-шара барысында тәртіп сақшылары азаматтарға жеке киберқауіпсіздікті сақтау бойынша кеңестер жазылған ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратты. Әсіресе интернетті қауіпсіз пайдаланудың барлық қыр-сырын жете меңгермеген егде жастағы азаматтар мен зейнеткерлер сияқты әлжуаз топтармен түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді, – деп хабарлады ведомстводан.

Полицейлер азаматтарға алаяқтар жиі қолданатын әдіс-тәсілдер – жалған банктік қоңыраулар, фишингтік сайттар, жалған интернет-дүкендер туралы айтып, сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, күмән тудыратын жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажет екенін ескертті.

– Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Балқаш ауданының полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өздерінің жүйелі профилактикалық жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра береді, – деп толықтырды тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру