Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында "ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері" форумы өтті

"Заң мен тәртіп" қағидатын ілгерілету аясында Түркістан облысында азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтыққа тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған "ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері" форумы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастырған іс-шара бір уақытта облыстың үш қаласы мен 14 ауданында өтті. Форум қатысушыларына қаржы саласындағы тәуекелдер, қаржы пирамидалары, заңсыз инвестициялық жобалар және олардың салдары туралы айтылды.

Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, прокурордың орынбасары Ермұрат Шалатайұлы, полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және "Аманат" партиясы филиалының өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері, депутаттар, белгілі спортшылар қатысты.

Форумда кәсіби спикерлер сөз сөйлеп, қаржылық қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және цифрлық ортадағы қауіптер туралы пікірлерімен бөлісті. Тақырыптық бейнероликтер, интерактивті ойын және театрландырылған қойылымдар ұсынылды, онда қаржылық сауатсыздықтың салдары туралы айтылды. Форумға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, танымдық іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар Түркістан облысының балалар жазғы лагерьлерінде тәртіп сақшылары 4000-ға жуық оқушы мен 500 педагогтың қатысуымен қаржылық сауаттылық және интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыптарында дәрістер өткізді. Мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру