Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте нашақорлықтың алдын алуға бағытталған концерт өтті

Шымкентте нашақорлықтың алдын алуға бағытталған концерт өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Shymkent City Park” саябағында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай “Таза өмір – сенің таңдауың” атты жастарға арналған концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара “Есірткісіз Қазақстан” акциясы аясында, сондай-ақ қоғамда “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды.

Шараға құқық қорғау және жергілікті атқарушы орган өкілдері, қала жастары, еріктілер және өнер адамдары қатысты. Сахнада тақырыпқа сай баннерлер мен арнайы ақпараттық көрмелер қойылды. Келушілерге есірткіге қарсы бағыттағы жадынамалар таратылды. Іс-шара барысында азаматтарға есірткіден және нашақорлықтан сақтану жолдары, оның салдары мен белгіленген жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Салтанатты жиында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, есірткіге қарсы күреске, нашақорлықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге белсенді атсалысқан бірқатар азаматтар арнайы марапаттарға ие болды.

— Есірткіге қарсы күрес полицейлер үшін тек кәсіби міндет қана емес, бұл – азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған күнделікті жұмыс. Нашақорлықтың алдын алуда және есірткіге қарсы күресте әрқайсымыздың үлесіміз маңызды. Есірткіге қарсы айлық аясындағы жұмыста азаматтардың да белсенділік танытқаны қуантады. Біздің ортақ әрекетіміз нәтиже беретініне сенімдімін. Баршаңызға алғыс білдіремін, – деді

Атап өтейік, бүгінгі іс-шара қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастарды дұрыс таңдау жасауға үндеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру