Шымкентте полиция экологиялық акция өткізді
Шымкент қаласы аумағында полиция қызметкерлері “Таза табиғат үшін аңшы және балықшы” акциясын өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараның негізгі мақсаты — аңшылық алқаптар мен су айдындарын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, азаматтардың табиғатты ластауына жол бермеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Аталған бастама қоғамда “Заң мен Тәртіп” идеологиясын ілгерілетуге бағытталған.
Акцияға мүдделі мемлекеттік органдар, аңшылар қоғамдық бірлестіктері, аңшылық шаруашылығы субъектілері, балық аулау саласындағы қауымдастықтар, сондай-ақ экобелсенділер мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, қоғамда Заң мен Тәртіпті нығайтуға, азаматтық сана мен экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге септігін тигізеді.