Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметіне адал тәртіп сақшысы

Қызметіне адал тәртіп сақшысы қызметінің қыр-сырымен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторының жұмысы — азаматтардың тәртібі мен тыныштығын қамтамасыз ету. Халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін учаскелік полиция инспекторының үлкен міндеттері бар.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз — Қарақұдық ауылдық округі Ертіс аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Рустем Қоңырбаев. Ауданы 78 мың шаршы метр әкімшілік аумақта 506 адам тұрады. Мұнда 154 жеке үй, дүкендер, мектептер және балабақшалар орналасқан.

- Мен 1982 жылы Ертіс ауданы Сілеті ауылында дүниеге келдім. Ата-аналарым кішкентай кезімнен бастап үлкендерді құрметтеуге, басқа біреуді алдамауға, адамдарға мүмкіндігінше көмектесуге үйретті. Есейгенде полиция қызметкері болуды шештім. Қызметімді 2008 жылдан бастадым. 2021 жылы учаскелік полиция инспекторы лауазымына ауыстырылдым. Бүгінгі таңда ішікі істер органдарында 17 жылдан астам қызмет етемін, – дейді Рустем Қоңырбаев.

Оның айтуынша, учаскелік полицейдің жұмысы күрделі, бірақ қызықты: отбасылық қиыншылықтар болады, ауылдағы абаттандыруды қадағалайды, профилактикалық жұмыстарды жүзеге асырады, полицияда есепте тұрған адамдарды бақылауды жүзеге асырады.

— Ақсақалдардың батасын алған кезде, көп жыл бұрын дұрыс мамандық таңдағаныма көз жеткіздім, - дейді полиция қызметкері.

Рустем Қоңырбаев пікірінше, учаскелік полицей сипатындағы басты қасиеттердің бірі - қарым-қатынас, өйткені қызмет түрі бойынша құқық қорғау органдары халықпен тығыз байланыста. Үлкен ұлы Алдияр Алматы заң университетінде оқып, әкесінің жолын қуып, Халыққа қызмет етеді деп армандайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру