Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО мекемелерінде 100-ден астам сотталған кәсіби білім туралы диплом алды

СҚО мекемелерінде 100-ден астам сотталған кәсіби білім туралы диплом алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №48 және №51 мекемелерінде 100-ден астам сотталған азамат кәсіби білім алып, жұмысшы мамандықтары бойынша диплом иелері атанды.

№48 мекемесінде сотталғандар Петропавл кәсіби колледжінде дәнекерлеуші-сантехник мамандығы бойынша білім алды. Ал №51 мекемесінде Айыртау агротехникалық колледжі негізінде бірден үш мамандық бойынша оқытылды: дәнекерлеуші-сантехник, электргазбен дәнекерлеуші және тігінші.

Диплом табыстау алдында барлық оқушылар қорытынды емтихандарды сәтті тапсырды. Емтихандар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Теориялық бөлімде стандарттар, нормативтік талаптар мен технологиялық үдерістер туралы білім тексерілді. Практикалық бөлімде өндірістік жағдайға жақын тапсырмаларды орындау талап етілді.

Емтихан барысында әсіресе практикалық тапсырмаларды орындау сапасына ерекше көңілбөлінді: сантехникалық тораптарды құрастыру және орнату, дәнекерлеу жұмыстары, бұйым тігу, қауіпсіздік техникасын сақтау, заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеу қабілеті. Барлық қатысушылар кәсіби шеберлік, жауапкершілік пен ұқыптылық танытты.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде білімалубұл тек мамандық игеру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға бейімделудің нақты қадамы. Алынған диплом — сотталғандар үшін жаңа өмір бастауға мүмкіндік беретін маңызды құжат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру