Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда велосипед ұрысы ұсталды

Алматыда полиция велосипед ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласынан велосипед ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, 1981 жылы туған азамат көпқабатты үйлердің кіреберісіне кедергісіз кіріп, иесіз қалған велосипедтерді ұрлап жүрген. Бүгінгі таңда оның Алмалы ауданында жасалған кемінде төрт ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

- Ұсталған адам стандартты тізбек бойынша әрекет еткен. Ашық қалған подъездерді іздеп, еркін кіріп, жалпы дәліздерде қалдырылған мүлікті алып кетіп отырған. Құрметті қала тұрғындары, велосипедтерді, самокаттарды және өзге де заттарды кіреберістерде, холлдарда, баспалдақ алаңдарында қалдырмауларыңызды сұраймыз. Бұл жерлер қауіпсіз болып көрінсе де, мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құлыптар қолданыңыздар және техниканы жабық бөлмелерде сақтаңыздар, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Жоғарыда аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осыған ұқсас басқа да оқиғаларға қатысы бар-жоғын тексеру жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру