Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында экологиялық акция жалғасып жатыр

Абай облысында экологиялық акция жалғасып жатыр, — деп хабардайды Polisia.kz.

Семей қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында белсенді жұмыстар жалғасуда. Солардың бірі – экологиялық мәдениетті арттыру және санитарлық нормаларды бұзудың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері мен “Amanat” партиясының өкілдері бірігіп қолға алған бастама.

Акция шеңберінде мәслихат депутаттарының, полицияның қоғамдық көмекшілері мен партия белсенділерінің қатысуымен рейдтер мен түсіндіру кездесулері өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды рұқсатсыз төгуге жол бермеу және абаттандыру ережелерін сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.

Құқық қорғау органдары мен “Amanat” партиясы өкілдерінің бірлескен жұмысы — қоршаған ортаны қорғау жолында мемлекет, билеуші партия мен азаматтық қоғам арасындағы сындарлы әріптестіктің жарқын үлгісі.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері санитарлық талаптарды бұзғаны және қоғамдық орындарды ластағаны үшін 4 мыңнан астам семейлік жауапқа тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру