Маңғыстауда пробация қызметкерлері нашақорлыққа қарсы кездесу ұйымдастырды
Маңғыстау облысында жастармен және пробациялық бақылаудағы тұлғалармен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау ауданында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметі аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, жастармен және пробациялық бақылаудағы тұлғалармен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға есірткі заттарын қолданудың зияны, сондай-ақ заң алдында туындайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтылып, нақты мысалдар келтірілді.
Шара соңында стадионда спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Мұндай кездесулер құқық бұзушылықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және пробациялық бақылаудағы тұлғаларды қоғамға бейімдеуге оң ықпал етеді.