Павлодарда полицейлер мектеп түлектерімен кездесті
Павлодарда полицейлер мектеп түлектерімен және олардың ата-аналарымен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері полиция жұмысының ерекшеліктері, ҚР ІІМ Академиясына түсу ережелері мен талаптары туралы айтып берді.
- Мен Қарағанды академиясына түсуді жоспарлап отырмын. Психологиялық тұрғыдан қабылдау кезінде мен дайын боламын деп ойлаймын. Мұндай кездесулер біздің бойымызда рухтың, патриотизмнің күшін нығайтады, - деп Денис кездесуден алған әсерімен бөлісті.
Оқушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, департамент бастығының орынбасары Жандос Орынбаев полицейлердің қызметке дайындалған және уәжді адамдардың келуіне мүдделі екенін атап өтті.
Талапкер оқу орындарына қабылданғаннан кейін, осы сәттен бастап ол курсант болып саналады және оның қызметі ІІО жүйесінде басталады. ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға кандидаттарды іріктеу және қабылдау Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін орта, арнаулы орта білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан жүргізіледі.
— Кездесу барысында жастар мен олардың ата-аналарына полицияның күнделікті өмірі, қызметтің ерекшелігі туралы бейнематериалдар көрсетіліп, қызметтің негізгі бағыттары мен қызметкерлердің негізгі міндеттері түсіндірілді. Көптеген түлектер үшін бұл кездесу өмір жолына әсер етіп, мамандық таңдауда шешуші бола алады, — дейді мектеп мұғалімдері.
Бұл мамандық ақыл-ойдың өткірлігін, тез шешім қабылдауды, ұжымда жұмыс істей білуді және өз қауіпсіздігін және басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін талап етеді. Полиция қызметі адамдарға көмек көрсетуге және мемлекетке пайда әкелуге мүмкіндік береді.
Түлектермен диалог өте қызықты болды. Жастар көкейлерінде жүрген мәселелерді полицейлерге қойып, тұшымды жауаптар алды.