Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады

Полиция тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір жас жігіт “пайдалы тур” үшін танысына шамамен 400 мың теңге аударған — досы оған жеңілдікпен жолдама рәсімдеуге көмектесетінін айтқан. Алайда ақша алғаннан кейін байланысқа шықпай қойған. Басқа жағдайда ер адам Польшаға жұмыс істеуге бармақ болып, интернеттегі “көмекшінің” сөзіне сеніп, ақшасынан айырылған.

Алаяқтар мессенджерлер арқылы байланысқа шығып, өздерін туристік агенттіктердің қызметкерлері немесе делдалдар ретінде таныстырады. Олар азаматтарды “мүмкіндікті жіберіп алмау үшін” тез шешім қабылдауға итермелейді.

Сақ болыңыздар! Эмоцияға берілмеңіздер!
— Ақпаратты міндетті түрде тексеріңіз, бейтаныс нөмірлерге сенбеңіз.
— Ресми келісімшартсыз ақша аудармаңыз.
— Күдік тудырған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, шұғыл түрде “102” нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру