Түркістанда полицейлер мен өрт сөндірушілер тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндірді
Түркістанда полицейлер мен өрт сөндірушілер тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторлары мен төтенше жағдай департаментінің өкілдері балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында көпқабатты үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Азаматтармен кездесу барысында полицейлер қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіріп, балалар ойнайтын бөлмелерде терезелерді ашық қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ ересектерге масаға арналған торларды тиісті қорғаныссыз пайдаланбауға және бала өздігінен аша алмайтын блокаторларды немесе терезе тұтқаларын-құлыптарды орнатуға кеңес берді.
Өз кезегінде өрт сөндірушілер облыс орталығының тұрғындарына көппәтерлі үйлердегі өрттердің адам өмірі үшін қауіптілігі мен зардаптары туралы түсіндіріп, өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін еске салды, сондай-ақ төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін нақты көрсетті.
- Есіңізде болсын, үйдегі балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік бірінші кезекте ата-аналарға жүктеледі. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, - деді түсіндіру жұмыстарын жүргізген полицейлер.
Балалардың қауіпсіздігі - бұл ортақ міндет және мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін тек бірлескен күш-жігерді қолданып нәтижеге жете аламыз.