Астанада жағажайларда рейдтік шаралар күшейтілді
Астанада жағажайларда рейдтік шаралар күшейтілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаз маусымының қызған шағында Астана қаласы полиция департаменті, төтенше жағдайлар департаменті және қалалық әкімдіктің басқа да құзырлы органдары тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жағажайлар мен су қоймаларына тұрақты түрде рейдтік тексерістер жүргізіп келеді.
Рейдтердің басты мақсаты – рұқсат етілмеген орындарда суға шомылудың алдын алу, мас күйінде суға түсу, қауіпсіздік ережелерін бұзу, балалардың қараусыз қалуы сияқты оқыс жағдайлардың жолын кесу. Бұл рейдтер әсіресе демалыс және ыстық күндері күшейтілген режимде өткізіледі.
Жаз маусымы басталғалы күн сайын Сарыарқа ауданы полиция басқармасының инспекторлары тұрғындарға профилактикалық әңгімелер жүргізуде. Полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен жұмыстануда.
Сондай-ақ ата-аналар мен заңды өкілдерге балаларды қараусыз қалдырмай жөнінде ескерту жасауда. Құтқарушылар менучаскелік инспекторлар суға түсу ережелерін сақтау, балаларға көз қырын салып жүру, мас күйде суға түспеу және үрлемелі құралдарға сеніп, алысқа жүзіп кетпеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратты.
Полиция тұрғындарға үндеу тастайды: Судағы қауіпсіздік – өз қолыңызда. Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Тек рұқсат етілген, арнайы құтқару қызметтері жұмыс істейтін жағажайларда шомылыңыздар.