Абай облысында сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті
Абай облысында сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақтың көрнекті ақыны, ойшылы, ағартушысы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жылға орай Абай облысы бойынша ҚАЖД № 20 орта қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында “Адамзаттың алыбы – Хәкім Абай” тақырыбында бірқатар іс-шаралар мен үстел ойындары ашылды.
Ашылу барысында танымдық дәріс және шахматтан жарыс өтті. Барлығы 30 сотталған қатысты, іс-шараның ең белсенді қатысушыларына мекеме әкімшілігінен марапаттар жарияланды.
Абай Құнанбаевтың туған күні - Қазақстан мәдениеті мен әдебиеті үшін маңызды оқиға.
— Сотталғандардың көпшілігі мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуға ниет білдірді, бұл арнайы контингенттің рухани - адамгершілік тәрбиесі мен патриотизмді дамытуға оң әсер етеді, - дейді тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ербулан Серікұлы.