Ақмола облысында "Қауіпсіз аула" акциясы өткізілді
Ақмола облысында "Қауіпсіз аула" акциясы аясында полиция аулаларды аралады - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қауіпсіз аула" республикалық акциясы аясында Ақмола облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторлары көппәтерлі үйлердің тұрғын алаптарында аулаларды аралап шықты. Тұрғындарға жеке қауіпсіздік шаралары, қылмыстың алдын алу, мүлікті қорғау тәсілдері және заңсыз жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер туралы еске салынды.
Көкшетау қаласы ПБ № 2 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік қызмет көрсету ауданына ерекше назар аударылды. Мұнда полиция аға лейтенанты Қуат Қажымов МИК және ПИК өкілдерімен бірлесіп аулалардың жай-күйіне бағалау жүргізді: аумақтардың жарықтандырылуы, бейнебақылау камераларының болуы және жұмыс істеу қабілеті, ойын алаңдары мен өту жолдарының қауіпсіздігі тексерілді.
"Салтанат" тұрғын үй кешенінің ауласы үлгілі болып аталды. "Қауіпсіз үй" жобасы іске асырылған сәттен бастап мұнда бірде-бір қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық тіркелмеген. Кешен аумағында 27 бейнекамера орнатылған — периметрі бойынша 10 және кіреберістің ішінде 17. Сондай-ақ олардың бастамасы бойынша тосқауыл мен қоршау орнатылды, бұл аумаққа рұқсатсыз кіруді шектеуге мүмкіндік берді.
"Салтанат" тұрғын үй кешенінің МИК төрағасы Қымбат Жүкенова учаскелік инспектормен тұрақты бірлескен жұмыстың арқасында қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қол жеткізілгенін атап өтті.
- Учаскелік полиция инспекторы Қуат Қажымов әрдайым байланыста, жедел әрекет етеді. Біз туындаған барлық мәселелер бойынша тығыз қарым-қатынас жасаймыз. Тұрғындармен велосипедтерді қараусыз қалдырмау және осындай қауіпсіздік шаралар туралы түсіндірме әңгімелер өткіземіз, - деп бөлісті Қымбат Зейнуллақызы.
Ол алдағы жоспарларда қосымша бейнебақылау камераларын орнату, үйдің периметрін толық қоршау, жарықтандыруды ұйымдастыру және тұрғындардың шоғырлануының арқасында шешілетін басқа да мәселелер бар екенін атап өтті.
Полицейлер тұрғындарға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғыс білдіреді және осындай бастамаларды жүзеге асыруда басқа аулаларға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдіреді.