Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда туристік полиция Дженнифер Лопес концертіне келген қонақтарды қарсы алды

Алматыда туристік полиция шетелдік қонақтарды, соның ішінде Дженнифер Лопестің концертіне келгендерді қарсы алуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда туристік полиция қызметкерлері шетелдік азаматтарды алғашқы сәттен бастап қарсы алып, ақпараттық қолдау көрсетіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Полицейлер әуежайда, қонақүйлерде, әйгілі туристік нысандар мен демалыс орындарында қонақтарды күтіп алып, оларға QR-кодтары бар арнайы карталар табыстайды.

Аталған QR-код SafeTravel.kz ресми порталына апарады. Онда қауіпсіздік жөніндегі ұсыныстар, жедел қызметтердің байланыс нөмірлері, қала карталары, көші-қон ережелері, ресми такси қызметтерінің тізімі және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету нұсқаулықтары жинақталған. Ақпарат алты тілде қолжетімді.

Бүгін Алматыға әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне арнайы келген көптеген шетелдік туристер де келді.

– Біздің міндетіміз – тек қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, қонақтарға қалада еркін бағдар табуға көмектесу, нақты ақпарат беру және Қазақстанда болу ережелерін түсіндіру. Біз әр турист Алматыда өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуін қалаймыз, – деді Алматы қаласы полиция департаменті дергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Туристік полиция қызметкерлері сонымен қатар анықтамалық көмек көрсетіп, көші-қон тіркеу мәселелері бойынша кеңес береді, бағыттарды түсіндіреді және сенімді гидтер мен туроператорларды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру