Алматыда полиция жалған нөмір таққан құқық бұзушыны ұстады
Алматыда полиция жалған нөмір таққан құқық бұзушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Орал қаласының тұрғыны Алматы қаласы полиция қызметкерлеріне тәртіп бұзушыны іздестіру бойынша жедел әрі кәсіби жұмысы үшін шынайы ризашылығын білдірді: бірдей мемлекеттік нөмірлері бар екі бірдей көлік, бірақ иелері екі бөлек адам. Олардың бірі Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзған.
Тексеру барысында құқық бұзушы жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланғаны анықталды. Полицейлерге оны ұстау үшін бірнеше күн ғана қажет болды. Пікір авторы Алматы қаласы ПД ЖПҚБ іздестіру бөлімінің қызметкерлеріне мұқияттылығы, жеделдігі және жоғары кәсібилігі үшін ерекше алғыс айтты.
- Осындай қызметкерлердің арқасында азаматтар өздерін қауіпсіз сезінеді, – деді тұрғын.
Алғыс сөздері – тәулік бойы қоғамдық тәртіпті күзетіп, көмекке келуге және қорғауға әрдайым дайын тұратын тәртіп сақшылары үшін қосымша ынталандыру.