Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицейлер сейф ұрлаған күдіктілерді ұстады

Астанада полицейлер сейф ұрлаған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында жиһаз дүкенінің ғимаратынан ақша салынған сейф ұрланды. Бұл жөнінде құқық қорғау органдарына кәсіпорын өкілі арызданған. Есіктің бұзылмауы және қосалқы кілттердің тек қойма қызметкерлерінде болуы себепті күдік ең алдымен соларға түсті.

Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар адамдардың ізіне түсіп, көп ұзамай 20 жастағы жігіт пен оның 38 жастағы сыбайласын ұстады. Тергеу кезінде екеуі де кінәларын толық мойындады.

Анықталғандай, олар түнде дүкен ғимаратына жасырын кіріп, ішінде шамамен 2 миллион теңге қолма-қол ақша болған темір сейфті алып кеткен. Сейфті жақын маңдағы далаға апарып, асықпай бұзып, ақшаны тең бөліскен. Дегенмен, ол қаржыны жұмсауға үлгермеген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Астана қаласы полиция департаменті тұрғындарды қырағылық танытуға, нысандардың қауіпсіздігін күшейтуге, тауарлар мен материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге және бейнебақылау камералары мен басқа да қорғаныс құралдарын орнатуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру