Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде пробация қызметінің бөлімі жұмысын бастады

Семейде пробация қызметінің бөлімі жұмысын бастады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында Жаңасемей пробация қызметінің бөлімі ашылды. Бөлім қала құрамына кіретін жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына қызмет көрсетеді және қазірдің өзінде белсенді жұмысқа кірісті.

Қазіргі уақытта бөлімде 20 жастан 72 жасқа дейінгі 30-дан астам сотталған есепте тұр. Олар – ұрлық, бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтар жасағаны үшін сотпен бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындалғандар: бостандығын шектеу, шартты мерзім, сондай-ақ қоғамдық жұмыстар.

Ашылған сәттен бастап бөлім қызметкерлері сот белгілеген талаптардың сақталуын бақылау жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуде. Ерекше көңіл қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге және қоғамға бейімдеуге бөлінеді.

Жаңа бөлімшенің ашылуы пробация қызметінің жұмысын халыққа жақындатуға және оны тиімдірек етуге мүмкіндік берді.

— Біз есепте тұрған әрбір адамның тек қадағалаудан ғана емес, қоғамда толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік алуын қалаймыз. Жаңасемей бөлімінің ашылуы аймақтағы пробация жүйесін дамытуда маңызды қадам болып, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді, — деді Жаңасемей ауданы пробация қызметінің инспекторы Алтынай Масимбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру