Абай облысы бойынша ҚАЖД-да мекеме аумағына тыйым салынған зат алып өту әрекетінің жолы кесілді
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің қызметкерлері телефонды алып өту әрекетінің алдын алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі таратқаны үшін жазасын өтеп жатқан 25 жастағы сотталған адам жұмыстан қайтып келген кезде аяқ киіміне жасырып, мекеме аумағына телефон алып кіруге тырысты. Алайда, тексеру барысында режимдік бөлімше қызметкерлері осы бұзушылықты дер кезінде анықтап, жолын кесті.
Талқылау барысында сотталушы түнгі уақытта досымен сөйлесу үшін телефонды пайдаланғысы келгенін түсіндірді.
- Тыйым салынған заттарды алып өту және сақтау әрекеті жазаны өтеудің белгіленген тәртібін өрескел бұзу. Сотталғанға қатысты жасалған бұзушылық үшін сотқа қауіпсіздік жағдайы ең төмен мекемеден жазаның қалған мерзіміне, 3 жыл 2 айға өзгерту туралы материалдар жиналды, - деп атап өтті режим бөлімшесінің бастығы Думан Бексолтанов.
