Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде полиция Mongol Rally мәресінде ерекше акция өткізді

Өскеменде полиция Mongol Rally мәресінде ерекше акция өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде өткен халықаралық Mongol Rally автожорығының мәресі қала тұрғындары үшін мерекелік шараға ғана емес, қауіпсіздік тақырыбындағы пайдалы әңгімеге де ұласты.

ШҚО полиция департаментінің киберқылмысқа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының қызметкерлері қала тұрғындары мен Еуропаның әр елінен келген қонақтарға интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, кибералаяқтық қатерлерінен сақтану жолдарын баяндады. Сондай-ақ олар зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты әрі саналы өмір салтын ұстануға шақырды.

Шара барысында құқық қорғаушылар қатысушыларға арнайы брендтелген бейсболкалар мен жейделерді сыйға тартты. Ал ең белсенді қатысушылар өз көліктеріне профилактикалық мазмұндағы жапсырмалар жапсырды. Осылайша, цифрлық және қоғамдық қауіпсіздік туралы үндеу ондаған елді аралап, мыңдаған шақырым жол бойы саяхатшылармен бірге жүретін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру