Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жастар арасында армрестлингтен жарыс өтті

Атырауда жастар арасында армрестлингтен жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Бұқаралық спортты дамыту клубы бірлесіп, "Спорт – есірткіге қарсы" атты армрестлингтен жарыс ұйымдастырды.

Күш пен төзімділікті талап ететін бұл додаға түрлі жастағы 40-қа жуық қала тұрғыны қатысып, 70 және 90 келі салмақ дәрежесінде өз бақтарын сынады. Қатысушылар тек қол күреспен ғана емес, турникке тартылу, брустағы жаттығулар мен гір көтеру бойынша да шеберліктерін көрсетті.

Іс-шараның басты мақсаты – спорт арқылы жастарды салауатты өмір салтына баулу, есірткі қылмысының алдын алу және зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға шақыру болды.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан 9 спортшы алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.

– Бұл жарыс – тек күш сынасу емес, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың бос уақытын пайдалы іспен өткізуіне мүмкіндік береді. Спорт – денсаулықтың кепілі ғана емес, ол зиянды әдеттерден арылудың ең сенімді жолы. Мұндай шаралар жас ұрпаққа жігер беріп, олардың болашаққа дұрыс қадам жасауына ықпал етеді, – деді Есенжан Арысов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру