Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда полицейлер мен дәрігерлер жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін еске салды

 Жетісуда полицейлер мен дәрігерлер жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін еске салды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері медициналық қызмет мамандарымен бірлесіп, алыс сапарға шыққан жүргізушілерге арналған профилактикалық шара өткізді.

Акция барысында жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық брошюралар таратылып, олардың денсаулығы тексерілді. Соның ішінде қан қысымы өлшеніп, денсаулық жағдайына алдын ала баға берілді. Мұндай шаралар ықтимал қауіп-қатерлерді ерте анықтап, жолдағы төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Инспекторлар жүргізушілердің назарын жолдың тарылған учаскелерінде сақ болудың маңыздылығына аударды. Бұл бағыттағы шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға, жүргізушілердің жылдамдықты табиғи түрде төмендетуіне ықпал етеді.

Полицейлер ескертеді: рульге отырар алдында өзіңіздің денсаулығыңызға көз жеткізіп, жолда барынша мұқият болған жөн. Көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды қолдану немесе жолаушылармен әңгімеге алаңдау қатаң түрде тыйым салынады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – әрбір жол қатысушысының қауіпсіздігінің басты кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру