Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер "Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясын өткізіп жатыр

Полицейлер "Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 тамыздан бастап Павлодар облысында "Бақытты отбасы – бақытты ел" республикалық акциясы басталды. Оның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау және отбасының қоғамдағы рөлін нығайту. Акцияны Павлодар облысының полиция департаменті ұйымдастыруда.

2025 жылдың алғашқы жеті айында өңірде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 3,5 мыңнан астам арыз-шағым тіркелген. Нәтижесінде 2 768 адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 3 052 құқық бұзушы профилактикалық есепке қойылып, оларға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. 300-ден астам адамға ескерту жасалып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. 64 қылмыстық іс қозғалды.

Акция аясында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің мамандары кеңес беріп, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуде. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жерінде тексеруде. Алкогольдік ішімдік ішіп, отбасы тыныштығын бұзатындар анықталып, олар да бақылауға алынуда.

Полицейлер азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы үнсіз қалмауды ескертіп, ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратуда.

Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу әрекет етіңіз. Полицияның "102" нөміріне хабарласыңыз. Сондай-ақ сенім телефондары жұмыс істейді: 150, 111.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру