Ақтөбеде ІІМ өкілі полиция ардагерлерімен кездесті
Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және Ұлттық ұланы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары Құрман Джуманов барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сапар аясында ІІМ ардагері Ақтөбе облысы полиция департаментінің ардагерлерімен кездесіп, тәлімгерлік мәселелері, атқарылған жұмыстар, ұрпақтар сабақтастығы, аға буынның Заң мен тәртіпті қамтамасыз етудегі рөлі сынды өзекті тақырыптарды талқылады.
Кездесуде қоғамдық жұмыстарға, полицияның өміріне белсенді қатысып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тынбай атсалысып жүрген бірнеше ардагер марапатталды.
Ақтөбе облысы ПД бастығының орынбасары Рустам Апсеттаров ішкі істер органдарындағы Ардагерлер кеңесінің жас мамандарды оқыту мен тәрбиелеудегі рөліне, кәсіби және рухани өсудегі ықпалына тоқталып, аға буын өкілдеріне адал тәлімгерлік қызметі үшін жеке құрам атынан шынайы алғысын жеткізді. Ардагерлер өз кезегінде ІІМ өкіліне ұсыныстары мен көкейкесті сұрақтарын айтып, алдағы уақытта да құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісінен қол үзбейтіндіктерін, бірлескен іс-қимылға әрдайым дайын екенін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Ақтөбе облысы полиция департаментінің Ардагерлер ұйымында 3022 зейнеткер бар, оның 2258-і облыс орталығында болса, 764-і аудандарда.