Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында “Астана – есірткісіз қала!" спорттық сайысы өтті

"Астана – есірткісіз қала" жоспары аясында және "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ауқымды спорттық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайыста ұландықтар эстафеталарға, командалық жарыстарға, жекпе-жек және әскери дайындық бойынша көрсетілімдерге қатысты. "Астана — есірткісіз қала!" сайысы ұлт денсаулығы үшін күрестің символы ғана емес, әскери қызметшілердің салауатты өмір салтына, патриотизмге және әскери бауырластыққа бейімделуіне де себепші болды.

Іс-шараға полиция және әскери полиция департаментінің өкілдері қатысты. Қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен естелік сыйлықтар әзірленді.

Шараға арнайы келген медиа-тұлғалар: блогерлер Драгон, Рамиль Тұрсынов, Сайлаубек Ерғазы "Сайло", Ләйлә Сұлтанқызы, Айтым Жақыпов, Руслан Силин, Ярослав Мелехин, сондай-ақ Василий Тахтай, Шертім Нұрдәулет, Нұргелді Кердеш, Рүстем Жантенов, Медет Жанатұлы сарбаздарға қолдау білдірді. Астана қаласы мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин, Авто және мотоцикл федерациясының президенті Анатолий Бондарь, айтыскер, ақын Айшолпан Тілеутай, "Үйде" қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Саят Күзенов құрметті қонақ болды.

Спорттық шара нашақорлықтың алдын алу ісінде мемлекеттік құрылымдар мен жұртшылықтың өзара жемісті ықпалдастығының үлгісі болды. Дәлірек айтсақ, жастар мен әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салты және тәртіп пен патриотизм құндылықтарын бірлесіп қалыптастыруға болатынын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру