Шымкентте полицейлер 100 мың оқушыға құқықтық сауаттылық сабақтарын өткізді
Шымкентте полицейлер 100 мың оқушыға құқықтық сауаттылық сабақтарын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкентте аудандық полиция басқармаларының жедел уәкілдері қаладағы 300 мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Тәртіп сақшылары 100 мыңға жуық оқушыны қамтып, құқықтық сауаттылық бойынша сабақтар өткізді.
Кездесу барысында полицейлер заңды сақтаудың маңыздылығы, құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы айтып, заңнама талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар буллинг тақырыбына тоқталып, оның формаларына, салдары мен жауапкершілік шараларына ерекше назар аударылды.
Полицейлер жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ олардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың жалғасатынын атап өтті.