Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция көшелерде есірткі жарнамасын таратудың жолын кесті

Алматыда полиция көшелерде есірткі жарнамасын таратудың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора", "Учаске" және "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шаралары барысында Түрксіб ауданының полицейлері бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы заңсыз есірткі айналымына қатысы бар интернет-сайттардың атаулары жазылған 30-дан астам жазуды қабырғаларға салған деген күдікке ілінген жас жігітті анықтап, ұстады.

Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттау не заңсыз жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

- Мұндай әрекеттер азаматтарымыздың, әсіресе жастардың қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Біз қала тұрғындарын сақ болуға және есірткіге байланысты күмәнді жазулар мен хабарламалар туралы полицияға хабарлауға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана есірткі қылмысына қарсы тұра аламыз», – деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру