Қарағанды облысында ювеналды полиция қызметкерлеріне семинар-кеңес ұйымдастырылды
Қарағанды облысының ювеналды полициясына арналған нашақорлықтың алдын алу және заңдылықты сақтау бойынша бірлескен семинар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
“Заң мен тәртіп” идеологиялық қағидатын жүзеге асыру, нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі ақпараттандыруды арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында оң құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ есірткі мен құмарлыққа ерте бейімділіктің алғашқы белгілерін анықтау мақсатында Қарағанды облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен және облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандарымен бірлесіп, облыстық ювеналды полиция қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді.
Семинар жұмысына сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі қатысып, полиция органдарының тексерулерді тағайындау және жүргізу тәртібін реттейтін қолданыстағы заңнама нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе тексеру іс-шараларын жүзеге асыру барысында заңдылықтың бұзылуына жол бермеуге бағытталған талаптарға ерекше назар аударылды.
Аталған іс-шараның өткізілуі заңсыз тексерулерге жол бермеу және ішкі істер органдары қызметінде азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған болжамдық-талдамалық жұмыстың міндеттерімен айқындалды. Семинар кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргізетін және құқықбұзушылықтың алдын алуға жауапты қызметкерлердің тәжірибе алмасуы мен біліктілігін арттыруға арналған маңызды алаңға айналды.