Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полиция есірткіге қарсы іс-шара өткізді

Екібастұзда полиция есірткіге қарсы іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты мен колледж студенттерімен “Дозамен емес, арманмен өмір сүр!” ұранымен ақпараттық интерактивті семинар-тренинг өтті.

Студенттер еліміздің есірткіге қарсы заңнамасының нормаларын біліп қана қоймай, Павлодар қаласындағы республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының психологы мен еріктілерінің қатысуымен интерактивті тренингтерге қатысты.

– Іс-шара халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға, жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы профилактикалық жұмысты жандандыруға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бөлімінің бастығы Ирина Тимирғалиева.

Республикалық ғылыми-практикалық психикалық денсаулық орталығының клиникалық психологы Гүләйім Рябоконь орталықтың еріктілерімен бірге стресске төзімділік дағдыларын дамытуға, пайдалы әдеттерді қалыптастыруға және қауіпті ұсыныстарға “жоқ” деп айта білуге бағытталған тренингтік сабақ өткізді.

Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, сұрақтар қойып, интерактивті тапсырмаларды орындады. Бұл кездесу олардың білімін арттырып қана қоймай, тәжірибеге негізделген мазмұнымен ерекшеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру