Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуде

Абай облысында сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жүргізілуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №20 мекемесінде 2025 жылдың тамыз айында жеке кәсіпкер Айдар Тахтановтың жаңа өндірістік цехы жұмысын бастады. Мұнда металл конструкциялар мен қолданбалы өнер бұйымдары – беседкалар, орындықтар және қақпалар дайындалады. Қазіргі уақытта цех жеке кәсіпкерлерден тапсырыс қабылдап үлгерді.

Бүгінде цехта тоғыз сотталған еңбек етуде. Олардың жалақысы еңбекақының мөлшеріне қарай есептеліп, түскен қаражаттан сот тағайындаған өтемақыларын өтеп, отбасына да көмек көрсетуде. Бұл тек жұмыс орны ғана емес, сонымен бірге сұранысқа ие мамандықты игеру, тәжірибелік дағды алу және бостандықтағы өмірге дайындалу мүмкіндігі болып отыр.

– Біз сотталғандардың еңбек арқылы өздерін жүзеге асыруына барлық жағдай жасауға тырысамыз. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне көмектесіп, табысты оралуына нақты мүмкіндік береді, – деді №20 мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Қуанышбек Туканов.

– Біз үшін тек өндіріс емес, адамдардың әлеуметтік бейімделуге қатысуы да маңызды. Біз сотталғандардың жұмыс істеуге және жаңа нәрсені үйренуге деген ықыласын көріп отырмыз, – деп атап өтті жеке кәсіпкер Айдар Тахтанов.

– Цехта жұмыс істеу мүмкіндігін алғаныма қуаныштымын. Мұнда мен жаңа істі үйреніп жүрмін және бостандыққа шыққан соң жұмысқа орналасып, жаңа өмірді таза парақтан бастай алатынымды түсіндім, – деп ойымен бөлісті сотталған.

Мұндай жобалар сотталғандардың әлеуетін ашуға және мекеменің өндірістік базасын дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру