Түркістан облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады
Түркістан облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінде азаматтарды жеке қабылдау өтті. Маңызды шараны департамент бастығы Мұрат Қабденов өткізді. Ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету қашанда полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектісі болып қала береді.
Полиция басшылығының жеке қабылдауына тұрмыстық мәселелерден бастап, құқықтық даулар мен қылмыстық істерді тергеуге дейінгі деректер бойынша 10-нан астам тұрғын келді. Әрбір келуші өз жағдайын баяндауға және оны шешу бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік алды.
Облыстың бас полицейі М.Қабденов тиісті бөлім басшыларына тапсырма берді. Азаматтардың барлық өтініштерін департамент басшылығы жеке бақылауына алды. Қабылдауға қатысқан азаматтар әрбір мәселеге мұқият қарағаны және сындарлы көзқарасы үшін алғыс білдірді.
Полиция департаментінде мұндай кездесулер халықтың өтініштеріне тиімді ден қоюға және өзекті мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Полиция мұндай іс-шараларды болашақта да өткізіп отыратын болады.