Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жасөспірімдерге құқықтық сауаттылық дәрістері өтті

Павлодар облысы Ертіс ауданында жасөспірімдерге құқықтық сауаттылық дәрістері өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Ертіс ауданының полицейлері кәмелетке толмағандармен профилактикалық кездесулер ұйымдастырды.

Тәртіп сақшылары жасөспірімдердің басты назарын жол қозғалысы қауіпсіздігіне аударды. Оқушыларға жол ережесін қатаң сақтау, көшеден өткенде сақ болу, ал қараңғы уақытта жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану қажеттігі түсіндірілді.

Шараның негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жасөспірімдердің өз әрекеттері үшін жауапкершілігін арттыру.

Кездесулерде полиция қызметкерлері әкімшілік және қылмыстық заңнама талаптарын түсіндіріп, заңға қайшы әрекеттердің салдарына нақты мысалдар келтірді. Сондай-ақ буллингтің алдын алу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

— Кәмелетке толмағандармен жүргізілетін профилактикалық жұмыс — ішкі істер органдары қызметінің маңызды бөлігі. Ол өскелең ұрпаққа қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған, — деді ювеналды полицияның аға инспекторы Қуат Сәрсембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру