Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісуда студенттер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша рейд жүргізілді

Жетісу облысындағы колледж жатақханасында нашақорлықтың алдын алу рейді өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Талдықорған қаласындағы Индустриялық колледждің жатақханасында рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шараға кинологиялық қызмет орталығының мамандары қызметтік итпен қатысып, жастарға нашақорлықтың зияны мен есірткі қылмыстарының алдын алу жолдары түсіндірілді.

Студенттермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заңсыз есірткі сақтау, пайдалану және таратудың салдары баяндалды. Сонымен қатар жастарға түрлі сұрақтарын қоюға мүмкіндік беріліп, толыққанды жауаптар ұсынылды.

Полиция өкілдері ерекше атап өткендей, барлық жұмыстар "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында жүргізілуде және басты мақсат – жазалау емес, қылмыстың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жетісу облысының полициясы жастардың денсаулығы мен болашағын қорғау – мемлекет, қоғам және отбасының ортақ міндеті екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру