Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полиция нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Шымкентте полиция нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

​Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрақты түрде қала аумағындағы білім ошақтарында оқушылар мен студенттерге есірткінің зардабы, нашақорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Кезекті іс-шара Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінде өткізілді.

Кездесу барысында жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріліп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап көрсетілді. ​Сонымен қатар интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертілді.

​Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру